Оптимист болыңыз
Оптимист болыңыз

Айналасынан ғажайыптар іздеген адам тек керемет нәрселер көреді әрі ішкі жан дүниесін де ғажайыптарға толтырады һәм рахаттанады.

Айналасынан жаманшылықтар іздеген адамдар да жаман нәрселерді табады, жүрегін жаралайды және рухын да әлсіретеді.

Ken Keyes

 

 

Бақытты өмір сүру шарттарының бірі – оптимист болу. Зейіні жақсы болған адамдар кез-келген жағдайда басқалардың басқаларға сияқты жақсы жағынан себепкер болады. Оптимистік қасиет жоғары болған жағдайда жетістік пен бақыт артады. Жағымсыз түсінік пен көзқарас – қайғы мен ауруды тууына негіз болады. Демек, келешектегі денсаулығымыз бен жетістігімізді бүгінгі көзқарастарымыз анықтайды.

Әр адамның өзіне тән түсініктері бар. Хазреті Сүлейман (а.с.) былай дейді: «Адам – жеке басын көзқарастары арқылы қалыптастырады». Осыған байланысты денсаулық, бақыт, табыс және жақсылық үшін жасау керек алғашқы іс – қалыпты зейін арқылы жақындауды дамыту.  Адамның басында сан алуан пікірлер болған кезде алдымен ол ой-пікірлерін түзетіп, қалпына келтіріп отыруы қажет. Ойына берік орналасқаннан кейін басқа жұмыстарды да жасауға кірісуі қажет. Үлкен жетістіктерге қол жеткізген адамдар – міндетті түрде ойланудың жемісін көрген жандар. Әр іс-әрекетте жағымды ойлау – белгілі бір мақсатқа жетудегі талпыныстың нәтижесі.

Кейбір адамдар басқалар тарапынан айтылған әр сөзде айналасындағыларға бағытталған әр түрлі жағдайда жасырын мақсаттар табуға талпынады. Қайғылы, келеңсіз жағдайларда қажетті мөлшерінен тым артық суық хабарларды одан сайын асқындырып, жақсылықтарды сөз етпейді. Әр күннің жоғалып кеткенін, ертеңгі күннің кешегі күннен бастап жаман болатынын болжап әдетке айналдырады. Болашақтарын пессимистік түрде жорамалдап, артынан уланғандарын да білмей сан соғып қалады.

Пессимист адамдар – айналасындағыларды құп көрмейді және көп ұнай бермейді. Өйткені адамдар – көбінесе табиғи жағдайда болашақты жаулап алуға икемді келеді. Ол үшін, болашаққа оптимистті түрде қарауға мәжбүр болуы тиіс. Жақсы көзқараста болу (оптимист) – келешегі жайында үмітті болу. Ал болашаққа үлкен үмітпен қарау адам өмірін жеңілдетері сөзсіз.

Өзінен риза болған адам дүниедегі барлық қақтығысты құшақ жая қарсы алады. Күйреуік адамдар болса, айналасындағыларға үнемі кедергі келтірумен болады. Өмір сүруге икемсіз, өзгенің дарынын көре алмайтын пессимист үшін өмірдің жарқындығы, жақсылығы түсініксіз. Негізінде жағымсыз түсінік – кешегі өткен күндерде орын алған, өмірден жалыққан және қайғылы оқиғалардың нәтижесі болып табылады.

Жағымсыз түсініктер әр күнімізді және бүкіл өмірімізді қарайтады. Жағымды түсінік болса, әлеуметтік өзгеріске бейімделуде бізге қолайлық туғызады. Сол себептен, мүмкін жағдайда өмірдің жағымды жақтарын көруге талпынуымыз керек.

Өткен күндерде орын алған оқиғалардың көңілімізге ұнағанын көңілімізге ұнамағанымен салыстырғанда өте көп еске аламыз. Сол себепті ісімізді ұнатып және оны құштарлықпен орындауымыз қажет-ақ.

Жағымды ойлау – әр түрлі алапатты және қайғыны бақыттылыққа айналдыратын бір динамизм әрі техника болып табылады. Барлық адамдардың ішінде, өмірін байыту үшін психологиялық қайнарбұлақтар бар. Адам денесіндегі мұндай қуатты жақсы ойлар – осы қайнарбұлақтардың көздерін ашады. Мынаны ұмытпауымыз қажет: әркім өзі сызған шекараның ішінде қалуды қалайды. Өсу және дамуды қалаған кісі бұл шекаралардың сыртына шығу қажет. Кез-келген бір сабақтан үлгерімді болуға сенбеген бір оқушы ол сабақты үйрене алмайды. Ол өзін құлыптап немесе «үлгерімді бола алмаймын» түсінігіне ие болып, артта қалып жатады. Өмірге аяқ басқаннан кейін сәтсіз болатынына иланған адамдар – шынымен-ақ өмірде сәтсіздікке ұшырап жатады.

Жағымды түсініктің адам денсаулығы үшін үлкен әсері бар. Қазіргі таңда медицина ғылымы – түсінік пен сезімдердің жағымды немесе жағымсыз болуын адамның денсаулығы үшін үлкен әсері бар екендігін айтып отыр. Ойлар  мен сезімдер адамның рухани жан-дүниесімен байланысты. Сол себептен дені сау және бақытты болу үшін қазіргі заманға сай медицина ғылымы мен рухани өмір ғылымдарымен бірге жұмыс жасауы қажет. Ішкі жан-дүниесі қорқыныш, қызғаныш, өкпе, кінәлілік пен төмен санау сезімдеріне толы болған адамдардың саулықты өмір сүруі мүмкін емес.

Ішінде қызғаныш сезімдері бар адамдардың асқазан ауруларына шалдығатынын бәріміз білеміз. Эмоционалды адамдардың денесінде бірнеше өзгерістер орын алады. Бұл өзгерістер де адамдарды ауруға ұшыратып, науқасқа айналдырады. Осы сияқты сезімдердің «кемерінен асып төгілуіне» тосқауыл қойсақ, ауруға шалдығу мүмкіндігін де азайта алар едік.

Ашу мен жек көрушіліктің әсерінен қаза құшқан адамдар да бар. Ашу мен жек көрушілік ұзақ сүрсе, дененің ауруға қарсы төзімділігі азаяды. Осылайша физикалық бір ауру адамды өлімге ұшыратуы әбден мүмкін. Өкпелеген бір адамның қан қысымы алты градусқа дейін артады. Мұндай қан қысымы жүрекке үлкен салмақ түсіреді екен. Демек, бір адамды қателігіне байланысты кінәлаған кезімізде ол адамның жүрегіне бір салмақ түсірген болып саналады.  

Жүрек – сезімдеріне бақылай алатын қуанышты және жаны тыныштықта болған адамдарды ұнатады. Сол себептен саулықты қалаған адам ашулану мен жүйкені тоздырудан ұзақ тұруы қажет және өзін баурап алатын жаман сезімдерден бойын аулақ ұстауы қажет. Мынаны есте сақтауымыз қажет: жаман сезімдер бұл сезімдерді тасыған адамдарға зарарын тигізеді. Жағымсыз сезімдер адамды жеп бітіреді. Аурулардың басты себебі – тағам емес, жағымсыз ойлар мен сезімдер. Жағымсыз ойлардың негізгі себебі – рухани бұзылушылық. Жағымсыз ойлар – адамның күшін және жұмыстың өнімділігін азайтады әрі бақытсыз етеді.

Бір адам кінәлілік сезімдері арқылы қорқыныш пен мазалануының себебінен бірнеше ауруға ұшырай алады. Егер ойлағандарын жағымды жағына өзгерте алса, денсаулығымен қауышуы мүмкін. Қазіргі таңда бұл сезімдер мен ойларды өзгерту де қиын емес. Америкалық жазушы Уиллиам Джэймс былай дейді: «Ұрпақтарымның ең үлкен ашқан жаңалықтарының бірі – адамның ойларын өзгерту арқылы өмірін де өзгерте алу шындығын табу».

Деніміз сау болуы үшін басымызды, адамға рухани тыныштық беретін ойлармен толтыруымыз керек. Яғни, Құран оқып, пайғамбарымыздың сүннетімен жүріп әрі сүрелер жаттап дініміздің шарттарын орындасақ және Жаратушымыздан үмітімізді үзбесек еш уақытта адаспаймыз. Тәннің саулығы жанға байланысты екенін ескеруіміз қажет. Денсаулығымыз күшті болсын десек, әр күн таңертең жаттығумен айналыссақ, таза суға шомылсақ, зейініміздің жақсы әрі таза болуы үшін де қажыр-қайрат көрсетуіміз керек. Сол үшін, рухани тыныштық – әсіресе жасыл-желекті бір алаңда өзімізді тынықтыруымыз және зейінімізді рухани тыныштандыратын ойларға байытуымыз керек. Мысалы, сарқырама мен айналасында жасыл ағаштары бар өзенді көз алдымызға елестетейік. Бұл елестетуден кейін зейінімізде жағымды ойлар пайда бола бастайды.

Әлемде жақсылықтар мен жамандықтар әрдайым бірге. Жаратушы құлдарын сынақ үшін бұл үйлесімдікті осылайша құрған. Жаманшылықтар мен жақсылықтарды санауға да, ойлауға да уақытымыз жетпес. Роза гүлі ағашының түбіндегі тыңайтқыш болмаса, оның иісі жанға ләззат пен тыныштық беретін гүл болатын ба еді? Алпауыт дауылдар, мұзды суықтар мен жаңбыр болмаса, сол әдемі жемістер мен гүлдер тіршілік алаңында өніп-өсер ме еді? Дүниеге келер алдында ана құрсағында толғақ болмаса, жалындаған жастарымыз өмірге келетін бе еді?

Жетістік жолында дамуды қалаған біреу өмірдің тек жақсы жақтарын көру керек, жаман жақтарын назарға алмауы керек. Түрік ойшылы, ғалым Бедуйизаман С.Нурси мұны былай түсіндіреді:

«Айналасын керемет көрген адам керемет ойлайды, керемет ойлаған керемет түс көреді; керемет түс көрген де өмірінен ләззат алады».

 Руслан БЕГЕН

Rusl@nRusl@n
8 лет назад 8338
0 комментариев
О блоге
0
0 0 0 0 0